Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкімі С.Шәпкенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Атырау облыстық мәслихаты
Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы «__»
№-қаулысына қосымша
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
аудандық (қалалық) аурухананың, аудандық (қалалық) емхананың, аудандық (қалалық) диспансердің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, туберкулезге қарсы санаторийдің, паллиативтік көмек ауруханасының, жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы;
аудандық (қалалық) аурухананың, аудандық (қалалық) емхананың, аудандық (қалалық) диспансердің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, туберкулезге қарсы санаторийдің, паллиативтік көмек ауруханасының, жедел медициналық жәрдем станциясының басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);
құрылымдық бөлімшелер бөлімшесінің, қызметінің, бөлімінің (оқу-қосалқы, медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау, педагогикалық) басшысы, клиникалық (сәулелі диагностика, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік денешынықтыру, стоматология кабинеті немесе бөлімшесі) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері;
дәріхана меңгерушісі (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің);
барлық мамандықтағы дәрігерлер;
мейіргер, провизор (фармацевт);
денсаулық сақтау сарапшы маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, психолог маманы;
фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, медициналық тіркеуші, диеталық мейіргер, нұсқаушы-дезинфектор;
әлеуметтік қызметкер.
психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер басшысы;
Мансап орталығының басшысы;
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, бас бухгалтері;
Мансап орталығының сектор басшысы;
Мансап орталығы бөлімінің басшысы;
барлық мамандықтағы дәрiгерлер;
емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер;
психолог, дефектолог;
еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші;
бухгалтер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер;
Мансап орталығының ассистенті.
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің басшысы;
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының әкімшілік-шаруашылық бөліміжөніндегі орынбасары, бас бухгалтері, бас экономист, кітапхана меңгерушісі;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушы-шебері;
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі ;
тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдiскер (негізгі қызметтердің), дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің),музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, жаттықтырушы-оқытушы, әлеуметтік педагог, логопед, психолог, зертханашы;
педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);
барлық мамандықты дәрігерлер, мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике;
оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушiсi);
кітапханашы, бухгалтер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, программист;
шаруашылық меңгерушісі.
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас: қор сақтаушы, суретші;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын сектор басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас бухгалтері;
музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, палеограф, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод;
археограф, архивист, суретші – реставратор;
бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер.
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, бас бухгалтері;
аға жаттықтырушы;
барлық мамандықтағы дәрігер;
(мамандандырылған) медициналық бике/аға;
әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;
нұсқаушы-спортшы, нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа);
спорттық құрылыс меңгерушісі;
бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, экономист;
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы.
мемлекеттік мекеме басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік мекеме орманшылық басшысы (орман күтуші);
мемлекеттік мекеме орманшылық басшысының орынбасары;
мемлекеттік мекеме орман өрт сөндіру станциясының басшысы;
мемлекеттік мекеме механигі;
эколог, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері,
орман шаруашылығы мен барлық мамандықтарының инженерлері;
мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері;
кадр жөніндегі инспекторы, күзетші.