Қаржылық сауаттылық-заман талабы

Қаржылық сауаттылық-заман талабы

Қаржылық сауаттылықты меңгеру – бүгінгі күннің талабы. Әсіресе, бұл жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдар жүйесі үшін өзекті. Бюджет қаржысының бөліну, оның тиімді жұмсалу үдерісіне қатысы бар депутаттардың, мемлекеттік қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды мәселе .

Осы іске Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы да атсалысып келеді.

2023 жылғы 4 қазанда аталған басқарманың басшысының орынбасары Ғалымов Мақсот Мәдиұлы  ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында келесі тақырыптарда дәрістер оқыды: «Бюджетаралық қатынастар саясатын қалыптастыру және фискалдық орталықсыздандыру бойынша жоспарлар», «Мәслихаттың жергілікті деңгейдегі бюджеттік процеске  қатысуы мен рөлі».

Тыңдаушылар – жергілікті мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ , бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері, аталған тақырыптар бойынша толық, жан-жақты мағлұмат алды.

Сондай-ақ, дәрістердің соңында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары М.Ғалымов тыңдаушылардың сұрақтарына дәйекті жауаптар берді.