4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні!

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні!

Құрметті Атыраулықтар !

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!

Сан  ғасырлар  бойы туған жерін ерлікпен қорғап, кеңбайтақ  даланы сақтап қалған халқымыз елдіктің нышаны ретінде ту- байрағын, таңбаларын қастерлеген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның осындай қасиетті нышандары оның Мемлекеттік гербі, Мемлекеттік туы, Мемлекеттік гимні болып табылады. Олар-әрі егемегендігіміздің символы, әрі- елдігіміздің тірегі.

Қанатын кеңінен жайып, іргелі мемлекетке айналған Қазақстанның түрлі саладағы  жетістіктерінің арқасында аталған рәміздерді бүгінде бүкіл әлем таниды. Бұл- біздің үлкен мақтанышымыз.

Осы табыстарымызды қажырлы еңбегімізбен нығайта берейік, ағайын.

Мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым алыс-жақын елдердің құрметіне бөленіп, ұлтымызды ұйыстыра берсін!

Мереке құтты болсын. Құрметті Атыраулықтар  !