
Үздік қызметшілердің ата-аналарына алғыс!
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында қалыптасқан жақсы дәстүрдің бірі - кәсіби жетістіктерімен көзге түсіп жүрген жас мемлекеттік қызметкершілердің ата-аналарына құрмет көрсету.
Осы орайда бүгін Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының бас маманы Теміртас Жаннаның әкесі Қалыбек Теміртасұлы анасы Бибігүл Қабекенқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен табыстау шарасы өтті.
Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Тлеуғалиева Самал Қайратқызы аталған қызметкердің кәсіби шеберлігін, адами қасиеттерін атап өтіп, осындай азаматты тәрбиелеп өсірген анасы Бибігүл Қабекенқызына шынайы алғысын айтты.
Өз кезегінде басқармаға Б.Қабекенқызы басқарма басшылығына, ұжымына ризашылықтарын білдіріп, табысты еңбек тіледі.