
20 маусым күні «Таза мекен» тақырыбы аясында мемлекеттік қызметкерлермен экологиялық сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында қатысушылар белгіленген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты тазартуға атсалысты.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аталған шараға Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының атынан мекеме қызметкерлері де қатысты. Экологиялық шараға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттау маңыздылығын атап өтті.