Кәсіподақ ұйымының 120 жылдық мерей тойына орай

Кәсіподақ ұйымының 120 жылдық мерей тойына орай

Кәсіподақ ұйымдарының қоғам өміріндегі рөлі зор.Бұл түрлі сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғайтын құрылым ғана емес, азаматтық қоғамның аса маңызды институттарының бірі.
Бүл тұрғыда Қазақстанның кәсіподақ ұйымдар жүйесінің 120 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтті. Кәсіподақ күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар аясында қажырлы еңбегімен, кәсіби шеберлігімен көзге түсіп жүрген адамдар марапатталды.
Соның ішінде, "Қызмет " Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы төрағасының Алғыс хатымен Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері марапатталғанын мақтанышпен атап өтеміз: Елеусінова Шынар Мақсотқызы - бөлім басшысы, Құмарғалиева Ақмарал Бағытжанқызы - бөлім басшысы.
Әріптестер, құттықтаймыз! Еңбектерің жемісті болсын.