Сауатты жазу - тілді қолдау

Сауатты жазу  - тілді қолдау

Елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Осы тұрғыда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Ұлттық диктант» жобасы бүкіл республика бойынша бастау алды. Оның мақсаты: мемлекеттік тілді сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Сонымен қатар, азаматтық жауапкершілік таныту, тілге деген құрметтің көрінісін білдіру.

         Мемлекеттік тілдің мүддесін білдеретін, алдымен, мемлекеттік қызметшілер екені белгілі. Сондықтан, Х.Досмұхамедов атындағы университетте өткен диктант Атырау облысының мемлекеттік қызметшілерін кеңінен қамтыды.
         Соның ішінде, біздің ұжымдастарымыз – Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері де белсенділік танытып, аталмыш шараға қатысты. Нәтижесінде өздерінің қазақ тілінде сауатты жазуды жақсы меңгергендерін көрсетті.