23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай облыс бойынша және республика деңгейінде ауқымды спорттық шаралар өткізілді.
Мақсаты: бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Атыраудағы өңірлік іріктеу спартакиадасында көзге түскен спортшылар,командалар 9-17 маусым күндері Өскемен қаласында өткен республикалық сайысқа жолдама алды.
Аталған спорттық шараға Атырау облысы әкімдігінің құрама командасы, спортшылары белсенді қатысып,спорттық сайыста үздік нәтиже көрсетті.
Баскетбол турнирінде үздік шыққан команданың құрамында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының қызметкері Жәдігер Сейтжанов та өнер көрсетті.
Әріптесімізді құттықтаймыз.