Ата-анаға алғыс

Ата-анаға алғыс

Қызметте үздік көрініп жүрген жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына құрмет көрсету жақсы дәстүрге айналып келеді. Осындай үдерістің аясында Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының бас маманы Сейтжанов Жәдігер Сейтжанұлының анасы Аманшиева Маруа Сисенқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Облыстық бюджеттің қаржыландыру жоспарларын жүргізу, облыс бойынша түсімдер мен шығыстардың орындалуын талдау бөлімінің басшысы Шынар Мақсотқызы Ж.Сейтжановтың кәсіби жетістіктерінен бөлек, қоғамдық өмірдегі белсенділігін, адами қасиеттерін атап өтіп, осындай елінің лайықты азаматы қылып тәрбиелеп өсіргені үшін Аманшиева Маруа Сисенқызына ризашылығын білдірді.
Марапат иесіне облыс әкімінің Алғыс хатымен бірге гүл шоғы табысталып, естелік фотосуретке түсірілді.