Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуда діни бірлестіктердің маңыздылығы

Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуда діни бірлестіктердің маңыздылығы

Атырау облысы Дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі              іс-шаралар жоспары іске асыру бойынша 2023 жылғы 15 мамырда жергілікті дін өкілдерінің басшыларымен кездесу өткізді.

         Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Иманғали орталық мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы, Успен Соборы храмының басшысы А.А.Козулев пен Рим-Католиктік шіркеуінің басшысы П.Сакмар және басқарма қызметкерлері қатысты.

         Кездесу барысында басқарма басшысы Қ.Көшқалиев сыбайлас жемқорлыққа қатысты мемлекет тарапынан тек заң жүзінде ғана емес идеологиялық тұрғыдан да қарсы күрестердің және прафилактикалық жұмыстардың жүріп жатырғанын баяндады.

         Сонымен қатар, діни бірлестіктердің биік мінберлерінден жемқорлықтың алдын алу бойынша уағыз-насихаттарында келуші жамағаттарына жие-жие айтылуы керектігін қаперге салды.

         Шараның қонақтары тарыпынан да ұсыныс пікірлер тыңдалды.