«Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында әйелдер форумы және Отбасылық тәрбие, ұлттық құндылықтар туралы көрме, зергелік бұйымдар жәрмеңкесі

«Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында әйелдер форумы және Отбасылық тәрбие, ұлттық құндылықтар туралы көрме, зергелік бұйымдар жәрмеңкесі

2022 жылғы 28 қазан күні Атырау қаласы «АБАЙ» орталығында облыстық комиссия, Атырау облысы Дін істері басқармасы, «Жәрдем-Атырау» КҚ-дың ұйымдастыруымен «Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында әйелдер форумы және Отбасылық тәрбие, ұлттық құндылықтар туралы көрме, зергелік бұйымдар жәрмеңкесі өтті.

         Форум жұмысына Мақат ауданы әкімінің орынбасары А.Шанғалаев, Мақат ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы А.Кеуелова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Утешова, Доссор кенті әкімінің орынбасары Г.Ергужиева, Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы Г.Назарова, «Айналайын баладан» қоғамдық қорының және «Шабыт» шығармашылық дамытушылық оқу орталығының жетекшісі Э.Мусина, Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны К.Серикбаева, Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы С.Кожагулова және Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» бөлімінде инспектор Н.Қуатбайқызы қатысты.

         Мақсаты: Облыс тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясы алдан алу, діни ұлттық құндылықтар мен тарихи сананы жаңғырту, қазақы болмыс пен салт дәстүрге негізделген қоғамға қатысты зорлық зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын терроризм қарсы мәдениеттің қазақстандық моделін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар төмендегідей мақсаттарды көздейді:

Отбасындағы және қоғамдағы әйел рөлінің маңызын дәріптеу;

Кешегі қазақ әйелінің даналығы арқылы қазіргі заман әйелінің, анасының, әжесінің бейнесін ашып, болашақ қазақ әйелінің болмысын қалыптастыруға серпін беру;

Қазақ қыз-келіншектерін білімге, қоғамдық өмірге бағыттау және психология, тұлғалық даму, бала тәрбиесі бойынша кеңінен талқылау ;

Отбасының түтінін түтетумен қатар, іскерліктің, түрлі саланың тізгінін бірге алып жүрген белгілі қыз-келіншектермен кездесу арқылы рухани пікір алмасу;

Қоғамда белең алған әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың, әйел құқығының тапталуының алдын алуға ықпал жасау;

Отбасыға және қоғамға іріткі салатын жағдайларға тосқауыл қою.

Қатысушылар: Республика және облыс көлемінде танымал блогерлер, коуч-мамандар, журналист-жазушылар, дінтанушы мамандар, құқық қорғау органдары және ҚАЖ департаментінен әйел қызметкерлері; Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасынан үздік әйел чемпиондары (спортшылар); ЖОО-нан (Х. Досмұхамбетов Атырау мемлекеттік университет, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті) белсенді студент қыздар; Жастар ресурстық орталығы белсенді қыздар; Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің әйел жамағаты; Депутат әйелдер.