Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлының құттықтауы

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлының құттықтауы

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы

Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлының құттықтауы

Құрметті атыраулықтар!

         Сіздерді бірлік пен қайырымдылықтың, жақсылық пен гүлденудің мерекесі 18 қазан – Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

         Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді.

         Тәуелсіздік жылдары ішінде өзімізге тән тамаша дәстүрлер қалыптасты. Біз жыл сайын Рухани келісім күнін, Құрбан айт секілді діни мерекелеріміз бен өзге де дін өкілдерінің ұлттық, діни мерекелерін бірлесіп атап өтеміз. Бұл халық пен елдің, өзге діндер мен ұлттардың өзара тату болғандығының көрінісі.

         Рухани келісім – біздің ұлтымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтарды берік орнықтырды. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.

         Мереке қарсаңында барша отбасыға береке мен бірлік тілеймін. Тәуелсіз елімізде әрқашан тыныштық, бейбітшілік болсын.