Республика күніне орай дін саласының үздік қызметкерлері марапатталды

Республика күніне орай дін саласының үздік қызметкерлері марапатталды

25 қазан – Республика күніне орай Атырау облысында дін саласында жемісті еңбек етіп, аймақтағы діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту ісіне елеулі үлес қосқан бір топ қызметкерлерге Атырау облысы әкімі С.Ж.Шәпкеновтің атынан Алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиынды Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев ашып, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан дін саласын дамытуға, конфессияаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтау бағытындағы шаралардың жүйелі түрде жалғасып келе жатқанын атап өтті.

Мұхтар Ізғалиев дін саласында қызмет етіп жүрген мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру және қоғамдағы радикалды көзқарастардың алдын алу бағытында нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды күшейтудің қажеттігін айтты.

Жиын соңында бірқатар қызметкерлерге дін саласындағы адал еңбегі мен жоғары жауапкершілігі үшін Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды. Марапат иелеріне алдағы қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тіленді.