Ағымдағы жылдың 31-наурызында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жанұзақовтың және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің аға офицері Қ.Серіктің төрагалығымен, облыс әкімдігі және Баскарма өкілінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуге медициналық мекемелердің комплаенс офицерлері қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін аныктау, оны жою және алдын алу шаралары бойынша сұрақтар қойылып, уәкілетты тұлғалардан жауап алынды, сондай-ак осы бағытта бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.
Денсаулық сақтау саласында әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оны жою және болдырмау максатында бірлескен шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.