"Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы" ШЖҚ КМК (бұданәрі - Кәсіпорын) жанындағы байқау кеңесі "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 149-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің 1-1) тармақшасына сәйкес Кәсіпорын директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны мен күні: 060000, ҚазақстанРеспубликасы, Атырау облысы, Атырау қаласы,С.Бейбарыс даңғылы, 412 құрылыс, мәжіліс залы, 28.10– 11.11.2025ж. күндер аралығында.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 060000, ҚазақстанРеспубликасы, Атырауоблысы, Атырауқаласы, С.Бейбарыс даңғылы, 412 құрылыс, тел.8 (7122) 52 00 76
E-mail: infekcionbol_kadr@mail.ru
БСН:070140004385
Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы:ШЖҚ КМК «Атырау облыстық инфекциялық ауруханасы» лицензия мен оның қосымшаларына сәйкес ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсетеді.
Директордың негізгі лауазымдық міндеттері: денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы Заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
- немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА(ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
- не «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
- Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; ұйымның қызметін басқарудың экономикалық әдістері мен талдауын; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелерін; халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын статистиканы, өлшемдер мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, денсаулы қсақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені ; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыруды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 28.10 – 11.11.2025 ж. аралығында.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген);
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер. өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері немесе "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды келесі мекенжай бойынша ұсынады: 060005, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, С.Бейбарыс даңғылы, 412 құрылыс, персоналды басқару бөлімі, Джанбирбаева Алтынай Ерлановна, тел: 87013851936
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.