Атыраулық оқушылар кәсіби шеберліктерін шыңдауда

Атыраулық оқушылар кәсіби шеберліктерін шыңдауда

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес атыраулық оқушыларға арналған «JasSkills-2025» кәсіби шеберлік байқауы өтуде.

14-16 жас аралығындағы оқушылар кәсіби дағдыға бейімділіктерін танытуда. Олар дизайн, техника, құрылыс, медицина, қызмет көрсету және білім беру салаларындағы машықтары бойынша бақ сынайды.

- Сайыс облыстағы 8 колледж базасында 18 құзыреттілік бойынша өтіп жатыр. Жұмысшы мамандықтарды насихаттау тек мектеп оқушылары арасында емес, ерте жастан бастап қолға алынып отыр. Мысалы балабақша тәрбиеленушілері арасында BabySkills байқауы ұйымдастырылса, «JasSkills», «JuniorSkills» және «WorldSkills» кәсіби шеберлікке бағытталған. Бұл шаралар — жастарды жұмысшы мамандықтарға ерте жастан баулу, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағытталған маңызды бастамалар,- деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мендигалиева.

Байқауға жүздеген оқушы қатысып, өздерін шыңдауда.