Облыстық арнайы мектеп-интернатының мақтанышы – Айназ Құралова!

Облыстық арнайы мектеп-интернатының мақтанышы – Айназ Құралова!
Облыстық арнайы мектеп-интернатында зор қуаныш! Қазақстанда тұңғыш рет елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан парадзюдодан BSA Judo World Championships Astana әлем чемпионаты еліміздің ғана емес, біздің мектептің де тарихына алтын әріптермен жазылды.
Әлемнің 40 елінен 300-ден астам спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде, біздің 10-сынып оқушымыз Құралова Айназ 46 келі салмақ дәрежесі бойынша J1 санатында қола медаль иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл – Айназдың алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін де ол түрлі Grand Prix халықаралық турнирлерінде ел намысын қорғап, күміс пен қола жүлделерге ие болған.
Айназ – жан-жақты дарынды оқушы. Спорттағы табыстарымен қатар, вокал өнері бойынша да түрлі байқаулардың жеңімпазы. Қазақ тілінде ғана емес, орыс, ағылшын, тіпті француз тілдерінде әндерді ерекше шеберлікпен орындайды. Бұл – оның өнерге деген сүйіспеншілігінің, қажырлы еңбегінің айғағы.
Айназ өзінің әлем чемпионатындағы жеңісін Қазақ еліне, аяулы анасына және ұлағатты ұстаздарына арнады. Бұл – тек бастамасы деп сенеміз! Алда биік белестер, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғаны сөзсіз.
Айназға зор алғыс білдіре отырып, тек қана сәттілік пен толағай табыстар тілейміз.