
Өңіріміздің 46 нысаналы мектебінің барлық мұғалімі біліктілік арттыру курсының екінші кезеңіне қатысуда.
«Нысаналы мектептер» жобасының мақсаты - жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну.
«943-нысаналы мектептер» жобасы аясында жүргізілетін жұмыстардың басты бағыттарының бірі – пән мұғалімдерін біліктілік арттыру курстарынан өткізу.
Мұндағы мақсат - білім сапасы мен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Айта кетелік, қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша курстар офлайн режимінде өтіп жатыр.