«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы – оқушылар үшін үлкен мүмкіндік

«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы – оқушылар үшін үлкен мүмкіндік

«Зерделі» Атырау халықаралық мектебі мен Атырау қалалық білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған «Алтын сақа» Республикалық математикалық олимпиадасына өңіріміздің 3-4 сыныптар, 5-6 сыныптардың 500-ге жуық оқушысы қатысып, олимпиада барысында өздерінің білім мен біліктерін сынға салып, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушылары марапаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Басты сыйлық - «Зерделі» Атырау халықаралық мектебіне 1 жылдық грант.

Іс-шараның мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілеттерін шыңдау, шығармашылық және зияткерлік әлеуеттерін арттыру.

Биылғы жылы алғаш рет барлық кезеңдер «Алтын сақа онлайн» платформасы арқылы өткізілді.

Олимпиаданы ұйымдастырушысы «Зерделі» ұжымы мен олимпиада авторы Ырысбек Мәуітұлының кәсіби қызметі мен еңбегі арқасында бұл іс-шара жоғары деңгейде өтіп, көптеген дарынды жас математиктер үшін жаңа мүмкіндіктер мен ынталандыру сыйлады.