Атырау облысы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жыл мұғалімі-2024» облыстық байқауы өтті.
Сайысқа барлық аудан, қала мен облыстық мектептерден жеңімпаз атанған 13 ұстаз қатысты. Байқаудың бірінші кезеңжде конкурсанттар қысқа мерзімді жоспар құру бойынша бақ сынасты. Екінші «Десант сабақ» кезеңде мұғалімдер 45 минут десант сабақ өткізді.
Әділқазы шешімімен ІІІ-орынды Қызылқоға ауданы Жаңашаруа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлшара Кубиева, Атырау қаласы әл-Фараби атындағы BINOM School мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Нұргүл Жандалиева, Исатай ауданы Өркен орта мектебінің физика пәні мұғалімі Гүлбар Жумагалиева иеленді.
ІІ-орынды Атырау қаласы №41 Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Ақерке Идирбаева және Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гаухар Мухтарова бөлісті.
Бірнеше мұғалімге Әдістемелік орталықтың «Алғыс хаты» табысталды:
- Д.Қонаев атындағы BINOM School мектеп-лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Иманғалиева Айдана Жексенқызы;
- Құрманғазы ауданы Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мухтарова Зухра Агаденовна;
- Жылыой ауданы №19 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Бактығалиев Алдияр Бактыгалиевич;
- Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының физика пәні мұғалімі Темирова Асель Амантаевна;
- №3 «Білім-Инновация» лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Сулеймен Ержан Мұратұлы;
- Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Елеуова Гүлжанат Кайратовна;
- Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шинибекова Жанар Жайлыбаевна.
Ал «Жыл мұғалімі-2024» атағына Индер ауданы Махамбет орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Манас Азирбаев лайық деп танылды.