Күзгі каникул кезінде мектеп оқушыларының бос уақыты туралы

Күзгі каникул кезінде мектеп оқушыларының бос уақыты туралы

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылғы 28 қазан мен 3 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

  • «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде - «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
  • «Буллингтен қорған!» атты қауіпсіздік сабағы;
  • мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» атты жәрмеңкесі;
  • мектеп театрының жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.