
«Менің шағын Отаным» атты жас тарихшыларға арналған Республикалық зияткерлік байқаудың VII облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын терең зерттеу мен жеткізуге ықпал ету.
Байқау екі тур бойынша өтті: І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест, ІІ тур - 4 аталым бойынша.
Конкурс қорытындыларына сәйкес:
«Менің шағын Отанымның болашағы» аталымы бойынша иегер-оқушылар:
І-орын - Кәрім Арай – облыстық ұлттық гимназиясының 10-сынып оқушысы;
ІІ-орын - Асхатқызы Диана - Жылыой ауданы №4 М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы және Утемисов Айбын - Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы;
ІІІ-орын - Қырым Асылай - Махамбет ауданы Ақтоғай ауылы Ақтоғай орта мектебінің 10-сынып оқушысы, Өмірзах Нұрасыл - Құрманғазы ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы, Құрмет Ақжол - Исатай ауданы Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы;
«Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» аталымы бойынша:
І-орын - Батыржанқызы Айнұр - Жылыой ауданы №19 орта мектептің 10-сынып оқушысы;
ІІ-орын - Нұрлан Гүлайым - облыстық ұлттық гимназиясының 10-сынып оқушысы және Қазихан Нұрдана - Құрманғазы ауданы Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
ІІІ-орын – Беймжан Нұрасыл - Ж.Досмұхамбетов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, Қамбар Бибіфатима - «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, Байдаулетов Айбек - облыстық №2 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, Серікқали Ақнәр - облыстық №3 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
«Менің шағын Отанымның символы» аталымы бойынша:
І-орын - Құсиын Нұрсәуле - Махамбет ауданы Алға ауылы Алға орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
ІІ-орын - Ерсаинова Жұлдыз - Құрманғазы ауданы Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы және Қабдирова Айназ - Индер ауданы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
ІІІ-орын - Масқарқызы Айсезім - Қызылқоға ауданы Жаңашаруа орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Ерболқызы Гүлназ - Атырау қаласы №44 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, Сұлтанбекұлы Тілеуқабыл - Мақат ауданы Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 9-сынып оқушысы;
«Менің шағын Отанымның тарихы» аталымы бойынша:
І-орын - Тохтар Айсана – «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей- интернатының 10-сынып оқушысы;
ІІ-орын - Жанибек Исламия - Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы және Мирман Нұрхан - Құрманғазы ауданы Шортанбай жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
ІІІ-орын - Отарбай Рахат - Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы, Сапидоллаева Жасмин - Махамбет ауданы Талдыкөл ауылы Талдыкөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы, Кеңес Ибраһим - облыстық ұлттық гимназиясының 9-сынып оқушысы.
Сонымен қатар бірқатар қатысушыларға Облыстық білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының «Алғыс хаты» табыс етілді.