Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау: өңірлерде IT-орталықтар іске қосылуда

Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау: өңірлерде IT-орталықтар іске қосылуда

Студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту және біліктілігін арттыру мақсатында колледждер базасында өңірлік IT-орталықтар құрылуда. Бұл экономиканың цифрлық трансформациясы мен IT-мамандарға сұраныстың өсуі жағдайында аса өзекті болып отыр.

Өңірлік IT-орталықтар колледж студенттеріне еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи техникалық дағдыларды игеруге, сондай-ақ озық білім беру ресурстары мен бағдарламаларына қол жетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл инновациялық жобаларды дамыту, IT-компаниялармен және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық құру бағытында қосымша мүмкіндіктерге жол ашады.