
Облыстық білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен «Тәрбие тамыршысы» жобасын жузеге асыру аясында 9-14 қыркүйек аралығында «Қоғамдық көліктегі біз!» акциясы өтуде.
Акция барысында оқушылар мен студенттердің қатысуымен қоғамдық көліктегі арнаулы орындар туралы ақпараттандыру (қариялар, балалы аналар отыратын орындар), қоғамдық көлік мәдениеті, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасау, ауыр заттарын алып беруге көмектесу, т.б.әдептілік қағидаттарын сіңіруге арналған түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылуда.