Атырау қаласы Әл-Фараби атындағы Binom-School мектеп-лицейі базасында облыстың білім беру ұйымдарында жасанды интеллект енгізу мақсатында педагогтер үшін оқыту семинар өткізілді.
Білім берудегі цифрлық трансформация білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, соның ішінде оқу жоспарлары мен оқыту әдістерін жаңа технологиялық шындыққа бейімдеу үшін цифрлық технологияларды интеграциялау қажеттілік ретінде Ұлттык баяндамада талқыланады.
Айта кету керек, Президент тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсібі министрлігі, «Astana hub» Халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерге арналған бағдарламалау негіздерін оқытатын онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты.