Өңірімізде “Балақайлар мектебі” бағдарламасы жүзеге асырылады

Өңірімізде “Балақайлар мектебі” бағдарламасы жүзеге асырылады

Елімізде бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді.

“Балақайлар мектебі” бағдарламасы бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған.

Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.

“Балақайлар мектебі” бағдарламасы бойынша оқыту мектептерде 1 ай бойы жүргізіледі. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді.

Айта кету керек, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.

Бағдарлама аясында Атырау облысының білім беру ұйымдарында 3879 баланы қамтитын 200 топ ашылып, 29 шілде - 23 тамыз аралығында жұмыс жасайды.