PISA-2022 нәтижесі бойынша

PISA-2022 нәтижесі бойынша

PISA - әлемнің әртүрлі елдеріндегі білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін халықаралық зерттеу.

PISA-2022 жылғы нәтижесі республика бойынша 7 өңірдің өз көрсеткіштерін жақсартқанын көрсетті. Соның ішінде Атырау облысының нәтижесі бұрынғы жылдармен салыстырғанда жақсарды.

2018 жылмен салыстырғанда, PISA-2022-де Атырау облысы білім алушылары сауаттылықтың барлық үш бағыты бойынша жоғары өсу динамикасын көрсетті. Жаратылыстану сауаттылығы бойынша - 45 баллды, оқу сауаттылығы бойынша - 34 баллды, математикалық сауаттылық бойынша 23 баллды құрады.