IQАNAT 2024 олимпиадасының қорытындылары бойынша

IQАNAT 2024 олимпиадасының қорытындылары бойынша

IQanat-2024 олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегелерін салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан Үкіметінің өкілдері, iQanat құрылтайшылары, қамқоршылық кеңес өкілдері қатысып, олимпиада жеңімпаздарын марапатталды.

Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 1000 бала, оның ішінде Атырау облысынан 33 бала қатысты.

IQanat қамқоршылары Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқитын 100 баланы атады. Облыс абыройын қорғаған 3 оқушыға - Нұрсұлтан Багитжан (Индер ауданы), Мақсотқызы Мәдина мен Құнанбай Мүбәрәк (Жылыой ауданының қамқоршыларының жеке гранттары) ІQanat мектебіне оқуға грант берілді.  

Сонымен қатар жүз оқушы IQ Advance жоғары оқу орындарына арнайы тереңдетілген дайындық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олардың қатарында Аязбай Аружан (Индер ауданы), Серікқали Ақарыс (Исатай ауданы) мен Серікқызы Гүлжайна (Исатай ауданы) бар.

800 финалист олимпиададан кейінгі IQIP (IQANAT Intensive Program) бағдарламасының қатысушылары қатарына еніп, оның шеңберінде үш жыл ішінде тәжірибелі оқытушылар, тәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілер балаларды ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындайды, ағылшын тілін үйретеді, сондай-ақ болашақ мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.

Олимпиада аясында балалар үшін сарапшылар медиасауат, AI және дизайн сана, шешендік шеберлік, қаржылық және құқықтық сауат, қызмет таңдау сияқты тақырыптар бойынша дәрістер өткізді. Сонымен қатар оқушылар ғылыми сынақтарға қатысты. Ұйымдастырушылар Алматы қаласындағы ботаникалық бақ пен орталық мемлекеттік мұражайға саяхаттар жасады.