Балалар - вокал лагерінде

Балалар - вокал лагерінде

Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында «KIDS University» бағдарламасы аясында ән айтуды армандайтын 8-15 жастағы дарынды балаларға арналған «New Art Vocal Camp» жазғы вокал лагері ашылды.

Лагерь бағдарламасы бойынша білікті, тәжірибелі мамандар, тәлімгерлердің өткізуімен вокал, хореография, актёр шеберлігі, сахна мәдениеті, эмоционалды интеллект, сондай-ақ садақ ату, фотосессия бойынша шеберлік сағаттары, тематикалық ойындар мен викториналар, кино қарау, караоке-баттл ұйымдастырылуда.

Лагерьде болған барысында алған білімдері мен дағдыларын балалар жабылу салтанатындағы гала-концерт барысында көрсетеді.