Оқу-далалық жиындарда – 10-сынып оқушылары

Оқу-далалық жиындарда – 10-сынып оқушылары

Жыл сайын мамырдың аяғында алғашқы әскери дайындық бойынша жалпы орта білім беретін мектептердің 10 сыныптары оқушы-жасөспірімдермен бес күндік оқу-далалық жиындар өткізіледі.

Ұл балалар алғашқы әскери дайындық пәні сабақтарында тактикалық дайындық, атыс дайындығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және жалпы әскери құрылымдарының жарғылары, саптық дайындық, азаматтық қорғаныс, т.б, бойынша алған теориялық білімдерін практикалық түрінде пысықтады.  

Қыз балаларға мектеп медбикелері «Медициналық білім негіздері» бойынша ақпараттық дәрістер, зардап шеккендерге дәрігерлікке дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдерін практикалық түрінде өткізді.