Мектептің кітапхана қоры толықты

Мектептің кітапхана қоры толықты

Жылыой ауданы №4 М.Әуезов атындағы мектепте балаларды кітап оқуға тарту, жаңадан шыққан көркем әдебиеттерді қол жетімді жеткізу мақсатында құрылған «Ауылға - кітап» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

«Kitap al» клубының мүшелері мектепке келіп, мұғалімдер, психологтар, оқушылармен кездесіп, жаңадан шыққан кітаптармен таныстырды.

Жоба аясында мектептің кітапхана қоры кітап сүйер қауымға қажетті көркем әдебиеттермен толықты. Мектеп әкімшілігі ұрпақ үшін игі істер атқарып жүрген клуб мүшелеріне алғысын білдірді.