Халықаралық кітап күні аясында

Халықаралық кітап күні аясында

Халықаралық кітап күні аясында барлық облыс мектептерінде оффлайн, онлайн форматында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: мектеп кітапханаларында бастауыш және орта буын сынып оқушылары - өздері оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, өз ойларымен бөліссе, жоғары сынып оқушылары арасында - әдеби шығармаларды талдау, эссе жазу, т.б. байқау-конкурстар өтті. Мектеп кітапханшылары мен тіл пәндері мұғалімдері оқушылар арасында мәнерлеп оқу, қазақ балалар әдебиетінің және әлем әдебиетінің атақты тұлғаларының шығармаларымен таныстыру іс-шараларын өткізді.