Педагог-психологтерге арналған онлайн-семинар

Педагог-психологтерге арналған онлайн-семинар

Атырау облыстық білім беру басқармасы Балаларға қосымша білім оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының мамандары онлайн форматында өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты қалалық және аудандық білім бөлімі әдіскерлеріне, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен мектептердің педагог-психологтері үшін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Онлайн-кездесу барысында мамандарға төтенше жағдай кезіндегі балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы, әрекет ету түрлері мен психологиялық қолдау жасау әдіс-тәсілдері туралы кеңестер берілді.  

Онлайн шеберлік сыныбы кезінде тыныс алу жаттығулар түрлері орындалып, әңгімелесу, сұхбат жүргізе білу шеберлігін шыңдау бойынша жұмыстар жүргізілді.