Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығы және «Зерделi» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасындағы «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегерлері – Атырау қаласы ІТ мектеп-лицейінің оқушылары:
- Оқас Аманжан (11 сынып) - 1-орын және Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 100% білім беру гранты,
- Халидолла Ислам (10 сынып) – 1-орын және «Зерделi» ақыл-ой дамыту орталығына 100% жеңілдік,
- Нұрсипат Диас (10 сынып) - 1-орын және «Зерделi» ақыл-ой дамыту орталығына 100% жеңілдік,
- Қыдырбай Қазбек (11 сынып) – 2-орын және «Зерделi» ақыл-ой дамыту орталығына 80% жеңілдік,
- Базаргалиев Жандос (11 сынып) – 3-орын және «Зерделi» ақыл-ой дамыту орталығына 60% жеңілдік,
- Сәрсенбаева Нұршат (10 сынып) – 3-орын және «Зерделi» ақыл-ой дамыту орталығына 30% жеңілдік,
- Малик Азамат (11 сынып) – «Алғыс хат» және «Зерделi» ақыл-ой дамыту орталығына 40% жеңілдік.