TALIS-2024 халықаралық зерттеуі туралы

TALIS-2024 халықаралық зерттеуі туралы

Елімізде 12 ақпан мен 20 наурыз аралығында TALIS-2024 халықаралық зерттеуі жүргізіледі.

ТALIS – сауалнама негізінде жүргізілетін, мұғалімдер мен мектеп директорларының еңбек жағдайы мен мектептегі білім беру ортасын зерттейтін әлемдегі ең ірі халықаралық зерттеу.

Оның ерекшелігі – қазақстандық педагогтердің нәтижелерін зерттеуге қатысушы әлемнің 47 елі мен аймағының нәтижелерімен салыстыруға мүмкіндік беруінде. Мұндай салыстырмалы халықаралық талдау педагог кадрлардың мықты және әлсіз тұстарын анықтауға, мектептердегі білім беру ортасы мен педагогтердің жұмыс жағдайына тәуелсіз баға алуға мүмкіндік береді.

Атырау облысында 27 білім беру ұйымының 5-9 сынып пән мұғалімдері үшін ағымдағы жылдың 4 наурыз бен 15 наурыз аралығында TALIS-2024 халықаралық оқыту мен оқу зерттеуі өтеді.