«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы», «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Айгерім» бөбекжай балабақшасы, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Асылай» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы», «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Айгерім» бөбекжай балабақшасы, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Асылай» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды  бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші  басшылары  лауазымдарына орналасуға  конкурс  туралы хабарландыру

Атырау облысы  Білім беру басқармасы

060010, Атырау  қаласы Айтеке би 77,

анықтама үшін телефондары/факс: 354327

e-mail: obl.bilim@atyrau.gov.kz,

 

  1. Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі;
  2. Бос мемлекеттік білім беру ұйымдарының  бірінші  басшылары лауазымдарына  орналасуға  конкурс жариялайды;

3) Құрманғазы ауданы аумағында орналасқан. Білім беру ұйымдарының негізгі  қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы», «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Айгерім» бөбекжай балабақшасы, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Асылай» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары;

4) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

Лауазымдық міндеттері. нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

6) Лауазымдық  жалақының  мөлшері:

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің қаулысына сәйкес   лауазымдық жалақының мөлшері белгіленеді.

7) Конкурс Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының басшыларын  лауазымға  тағайындау қағидасында  көрсетілген мерзімдерден кейін, Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау  қаласы Әйтеке би,77 үй  ғимаратында өтеді.

8) Хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Атырау облысы  білім беру басқармасының Педагог кадрларды аттестаттау және басқару  бөлімі қабылдайды.

9) конкурсқа  қатысу үшін қажетті  құжаттар  тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

10) Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

11) ақпаратты  нақтылау  үшін байланыс телефондары: 354327

Электрондық пошта obl.bilim@atyrau.gov.kz