Атырау жоғары медицина колледжінің оқытушылары облыс әкімдігінде шеберлік сыныбын өткізді.
Есінен тану жағдайымен әрбір адам кездесуі мүмкін. Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін мамандар келгенше дер кезінде шұғыл жағдайларда көмек көрсету адам өмірін сақтап қалуда үлкен роль атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлерге арналған шеберлік сынып барысында колледждің дәрігер оқытушылары базалық реанимациялық көмек көрсету техникасын ересектер және балалар ерекшеліктерін ескере отырып, үйретті. Және бөгде денелер тыныс жолына түскен жағдайда көмек көрсету алгоритммімен таныстырды.