Студенттердің жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашу және болашақ бастауыш сынып мамандарының теориялық білімін жетілдіре отырып, педагогикалық кәсіби қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастыру, шығармашылықпен әрекет етуге қолдау көрсету мақсатындағы бастауыш сынып бойынша болашақ жас мамандарға арналған «45 минут» жобасы өз жұмысын қорытындылады.
Жоба барысында болашақ мамандарға тәлімгерлік етіп, жан-жақты әдістемелік тұрғыда көмек берген ұстаздар Білім беру басқармасының тарапынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Аталған жобаға Атырау қаласындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-курс студенттері қатысты.
2022-2023 оқу жылына жоспарланған жоба болашақ мамандарды жан-жақты даярлау бағытында бастау алып, бір жылдық қорытынды жұмысының нәтижесін ұсынды.