Педагог-психологтарға арналған республикалық форумы

Педагог-психологтарға арналған республикалық форумы

Атырау қаласында «ЕdLight Academy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және облыстық білім беру басқармасы бірлескен ұйымдастыруымен педагог-психологтарға арналған «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ» республикалық форумы өтті. Іс-шара  жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас құру және олардың салауатты дамуы үшін қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында білім беру ұйымдарының 300-ге жуық педагог-психологтың, Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Психология және педагогика кафедрасының оқытушыларын басын қосқан Республикалық форумға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Психология, тұлғаны тәрбиелеу және дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенова, Кәсіби отбасылық психологы, «Отбасы Академиясының» негізін қалаушы Ержан Мырзабаев, Кәсіби балалар және отбасы психологы, «Qalam school» мектебінің негізін қалаушы Мөлдір Тоқжанова қатысып, жиналғандармен маңызды ақпараттарымен бөлісті.

Форумның бірінші бөлімі пленарлық отырыс болса, екінші бөлімінде 7 топқа бөлінген секциялық жұмыстармен жалғасын тапты.

Әр секциялық жұмыстарда кәсіби мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Форум барысында аутодеструктивті мінез-құлық контексінде проекциялық әдістерді қолдану: талдау және тәжірибеде қолдану, аутодеструктивті мінез-құлықпен түзету жұмыстары, аутодеструктивті мінез-құлық әрекеті немесе аяқталған суицид жағдайында  қажетті құжаттамалар тізімі,  адам психикасының механизмдері: психиканың құрылымы және мінез-құлықтың қалыптасуына әсері, т.б. мәселелер аясында зерттеу алаңдары, сабақтар, сауалнама өткізіліп, әдістемелік нұсқаулар берілді.