Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 43 оқушы – І-ші орын, 72 оқушы – ІІ-ші орын, 116 оқушы - ІІІ-ші орын иегері атанды.

Білім бәйгесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі. 13 жас түлек - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім грантын, 6 оқушы Атырау мұнай және газ университетінің білім грантын иеленді.

Сондай-ақ олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен облыстық білім беру ұйымдары арасында «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» атағымен Атырау қалалық білім бөлімі, №1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясы марапатталды.

Ал аудандық білім беру ұйымдары арасында «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» атағымен Жылыой, Құрманғазы аудандық білім бөлімдері марапатталды.

«Үздік олимпиадалық ауыл мектебі-2024» атағын Құрманғазы ауданы М.Ломоносов атындағы, Жылыой ауданы №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектептер иеленді.«Үздік олимпиадалық қала мектебі-2024» атағымен Атырау қаласы №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі марапатталды.