Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша практикалық семинар

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша практикалық семинар

Облыстық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өзара іс-тәжірибе алмасу, 2024 жылдың сәуір айында 4 және 9 сынып оқушылары арасында өтетін білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (БАБЖМ) дайындық мақсатында практикалық семинар өтті.

Білім алушылардың білім жетістіктерінің халықаралық мониторингіне өңірімізден 93 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысады.

Мониторинг оқырмандық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыттарында өтеді. Семинар Әл-Фараби атындағы BINOM​ SCHOOL, «Білім-Инновация» және Ж.Досмұхамбетов атындағы мектеп-лицейінде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі кезінде төмен көрсеткіштер беретін пәндер бойынша өткізді.

Семинарға қатысушылар математикалық сауаттылық бойынша геометрия, математикалық талдау, Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану, векторларды анықтау, физика пәні бойынша молекулалық кинетикалық теорияның негіздері, механика, кинематика негіздері және тағы да басқа ​ тақырыптар ​ бойынша ​ өз ​ тәжірибелерімен ​ бөлісіп, талқылады.

Естеріңізге сала кетсек, БАБЖМ 2021 жылдан бастап жыл сайын іріктеу параметрлерін ескере отырып, мектептердің жалпы санының 25% қамтуымен өткізіледі. Мониторинг қорытындысы бойынша барлық өңірлер білім беру сапасын арттыру үшін жұмысты қай бағыттар бойынша күшейту қажеттігі көрсетілген кешенді талдау мен әдістемелік ұсынымдар алады.