«Үздік оқытушы-ұйымдастырушы-2023» облыстық байқауы қорытындысы бойынша

«Үздік оқытушы-ұйымдастырушы-2023» облыстық байқауы қорытындысы бойынша

Атырау облыстық білім беру басқармасының Ааймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы Атырау облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаментімен бірлесіп Атырау қаласы №39 орта мектебі базасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша «Үздік оқытушы-ұйымдастырушы-2023» облыстық байқауын өткізді.

Байқауға аудан, қала және облыстық мектеп, колледждің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдасырушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша:

- 1-орында Құрманғазы ауданы С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы Есенгалиев Думан Хайреденович,

2-орында - Атырау қаласы №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы Бегешов Жеңіс Жинақұлы,

3-орында - Жылыой ауданы №23 жалпы орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Жиенқұлов Жақия Исатайұлы.