Жалпы білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика циклы бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне іріктеу өтті. Іріктеуге олимпиаданың аймақтық кезеңінде жоғары ұпай жинаған 20 оқушы қатысуда.
Олимпиада қатысушылары Oqylyk.kz платформасы арқылы жаратылыстану-математика бағытындағы 4 пән (математика, физика, химия, биология) бойынша білімдерін сынап, эссе жазады.