Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қала мектептері мен Махамбет, Индер аудандары мектептердің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, 2024 жылы өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Мақат, Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай, Жылыой аудандары жергілікті жерлерде болып, мектеп бітірушілермен ақпараттық-түсінік жұмыстар жүргізіп, сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында Руслан Тохтарбекұлы 2023 жылғы ҰБТ қорытындыларына тоқталып, 2024 жылғы ҰБТ жаңалықтарымен бөлісті.
Руслан Тохтарбекұлы 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ның шекті балы, орташа балы, бейіндік пәндер комбинациялары, білім беру гранттары, квоталар тізімі, т.б. мәселелер бойынша түсініктеме берді.