№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп, Жамбыл атындағы орта мектеп, IT мектеп-лицей, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп, №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия, №37 орта мектеп (уақытша 01.09.2025ж. дейін), №15 Абай атындағы орта мектеп, №24 орта мектеп, И.Тайманов атындағы орта мектеп, №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп, №17 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта  мектеп, Жамбыл атындағы орта мектеп, IT мектеп-лицей, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп,  №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия, №37 орта мектеп (уақытша 01.09.2025ж. дейін), №15 Абай атындағы орта мектеп, №24 орта мектеп, И.Тайманов атындағы орта мектеп, №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп,  №17 мектеп-лицей коммуналдық   мемлекеттік   мекемелерінің  бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші басшылары  лауазымдарына орналасуға  конкурс  туралы хабарландыру

Атырау облысы  Білім беру басқармасы

060010, Атырау  қаласы Айтеке би 77,

анықтама үшін телефондары/факс: 354327

e-mail: obl.bilim@atyrau.gov.kz,

 

  1. Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі;
  2. Бос мемлекеттік білім беру ұйымдарының  бірінші  басшылары лауазымдарына  орналасуға  конкурс жариялайды;

3) Атырау қаласы аумағында орналасқан. Білім беру ұйымдарының негізгі  қызметі: мектеп жасындағы  балаларды  жалпы білім берумен қамтуды ұйымдастыру. №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта  мектеп, Жамбыл атындағы орта мектеп, IT мектеп-лицей, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп,  №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия, №37 орта мектеп (уақытша 01.09.2025ж. дейін), №15 Абай атындағы орта мектеп, №24 орта мектеп, И.Тайманов атындағы орта мектеп, №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп,  №17 мектеп-лицей коммуналдық  мемлекеттік   мекемелері;

4) Педагогтердің үлгілік  біліктілік  сипаттамаларымен бекітілген  бірінші басшы лауазымына  кандидатқа  қойылатын біліктілік  талаптары: 

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы.

осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

5) бірінші басшының лауазымдық  міндеттері:

білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;

педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;

педагогикалық кеңесті басқарады;

мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді;

білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;

оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;

заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;

қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;

педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;

білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;

оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;

білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;

педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;

педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;

жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;

мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;

білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

6) Лауазымдық  жалақының  мөлшері:

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің қаулысына сәйкес   лауазымдық жалақының мөлшері белгіленеді.

7) Конкурс Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының басшыларын  лауазымға  тағайындау қағидасында  көрсетілген мерзімдерден кейін, Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау  қаласы Әйтеке би,77 үй  ғимаратында өтеді.

8) Хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Атырау облысы  білім беру басқармасының Педагог кадрларды аттестаттау және басқару  бөлімі қабылдайды.

9) конкурсқа  қатысу үшін қажетті  құжаттар  тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді:

 1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны  жалғанады);

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту туралы сертификат;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме;

12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Бірінші басшылар лауазымына орналасуға үміткер жеке тұлға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, не «Е-gov» Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы  (бұдан әрі – портал) арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

10) Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

11) ақпаратты  нақтылау  үшін байланыс телефондары: 354327

Электрондық пошта obl.bilim@atyrau.gov.kz