Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 9(10) сыныпта білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында жүргізіліп, облыс мектептерінде білім алушыларға негізгі білім туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті.
Осы оқу жылы облыстың 201 білім беру ұйымында 9 сынып бітіруші саны – 11995, оның ішінде, мемлекеттік мектептердегі оқушы саны – 11909, жекеменшік мектептердегі – 86.