Ләңгі тебуден облыстық біріншілік

Ләңгі тебуден облыстық біріншілік

Атырау қаласы №37 орта мектебінің спорт залында балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубтарының арасында ләңгі тебуден облыстық біріншілік өткізілді.

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану, денсаулығын нығайту мақсатында өткізілген жарысқа 2008-2009 жылдары туылған ұлдар қатысты.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша:

1-орын - Мақат ауданы командасы,

2-орын - Қызылқоға ауданы командасы,

3-орын - Жылыой ауданы командасы,

4-орын - Махамбет ауданы командасы,

5-орын - Атырау қаласы “Ұлан” командасы,

6-орын - Индер ауданы командасы

7-орын - Атырау қаласы “Барыс” командасы.

8-орын - Исатай ауданы командасы.