Облыстық білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығы мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті бірлесіп ұйымдастырылған химия пәнінен Сафи Өтебаев атындағы облыстық олимпиаданың қорытындылары бойынша:
- 2-орында: Саламатқызы Дильназ – Қызылқоға ауданы №9 орта мектептің 11-сынып оқушысы, жетекшісі Жанғалиева Жангүл;
- Бауыржанова Жасмина - Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы, жетекшісі Умешова Бибигуль;
- 3-орында:
- Бағдаулетова Жансая - Атырау қаласы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, жетекшісі Хайреденова Гулшат,
- Нұрым Нұрайна – Жылыой ауданы №10 Амангелді атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы, жетекшісі Сидербаева Индира.
Олимпиада тапсырмаларын орындау үшін қатысушыларға 180 минут уақыт берілді.
Жеңімпаздарға - сәйкесті дәрежедегі дипломдар, ал барлық қатысушы оқушыларға сертификаттар табысталды.
Олимпиада Сафи Өтебаевтың еліміздің ғылым мен техниканың дамуына қосқан үлесін дәріптеу, оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.