Мемлекеттік рәміздерге - 30 жыл

Мемлекеттік рәміздерге - 30 жыл

Облыс білім беру ұйымдарының білім алушылары Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілген мерекелік іс-шараларға: шерулер мен концерттік бағдарламада белсенді қатысты.

Облыс орталығындағы Тутұғыр алаңында өткен мерекелік іс-шарада оқушылар мен студенттер патриоттық әндер орындады.

Колледждер мен мектептерде Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған жиын «Мектеп/студенттік парламенті рәміздерге құрмет көрсетеді» айдары аясында жүзеге асты.

Мектеп оқушылары зияткерлік сайыстарға, Ұлы далаға "саяхатқа", патриоттық әндер конкурстарына, викториналарға, т.б. қатысты.