
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында білім беру ұйымдарында әр түрлі іс-шаралар өткізілді: «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» достық фестивальдері, ұлттық би сайыстары, мақал-мәтел айту, «Берекелі дастарқан» ұлттық тағамдар дайындау, «Достық - суретші көзімен» сурет салу, спорт жарыстары, ұлт өкілдерімен кездесулер, т.б.
Іс-шаралардың мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге, жоғары мәдени адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеу, қоғамда ынтымақтастық пен өзара қолдауға бағыттау.